Қауіпсіздік, ыңғайлылық және инфрақұрылымды көркейту – ТА-ны дамыту жолындағы 1-жылдың басты нәтижелері

Қауіпсіздік, ыңғайлылық және инфрақұрылымды көркейту – ТА-ны дамыту жолындағы 1-жылдың басты нәтижелері

     Осыдан дәл бір жыл бұрын Басқарушы мекеме «Асыл Арман» ТА Қоғамдық кеңесімен бірлесіп Асыл Арманды дамытудың кешенді бағдарламасын іске асыруға кірісті, және бүгінгі таңда оның нәтижелерін қорытындай келе жоспарланған жұмыстардың 98%-ға орындалғандығын атап айтуға болады, алайда бас кезінде бағдарламаның орындалуына тұрғындардың және пәтер иелерінің көптеген күмәндары болған.
    Кешенді жоспардың негізіне өр мақсат - біздің тұрғын алабымызда өмір сүруді барынша қауіпсіз және ыңғайлы ету қойылған болатын.
   Жаяужолдар желісінің салынуы жаяу жүргіншілерге де көліктерге де қолайлылық тудырып, қозғалысты реттеді. Дүкендердің алдында жол-қозғалыс қатысушыларының аумақтары ажыратылды, оған қоса орталық көшенің бойына жаяужол салынды. Жақында ғана онда қосымша жарық прожекторлары орнатылды, соның нәтижесінде тәуліктің қараңғы бөлігіндегі қозғалыстың қауіпсіздігі арттырылды.

 
     №1, 2 және 21 үйлердің артқы жақ бетін жарықтандырудың мәселесі шешілді, үйлердің төменгі бүйір жақтарына жарық прожекторлары орнатылып, үй іші жарықтандыруы толықтай жаңартылды.
Кіре-берістердің алдында көліктері қойып кіріп-шығуды бөгеу сияқты тәртіп бұзушылық көрсеткіштері ең аз мөлшерге дейін түсірілді. Бұл мақсатта әр кіре-берістің алдына екі дана көлік тоқтауын шектеуіштен қойылды.
    Тұрғын алаптың аумағын онлайн режимінде тәулік бойы оператор орнатылған 500-ден астам камералар арқылы бақылайды, бірқатар кіре-берістерде тұрғындардың қалаулары бойынша барлық қабаттарда бақылау камералары орнатылған. Мәселен, байланыс операторынан шатыр аумағын жалдауы үшін түскен қаражаттан №7 және №13 үйлер осындай бақылау камераларын барлық дәліздер мен баспалдақ аумақтарына орнатуды көздеп отыр.

  
   Домофон жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде қосымша камерасы бар заманауи домофон бөлігін орнату, электрондық кілттер қорғанысының жоғарырақ деңгейі, видеодомофон қосу мүмкіндігі, сонымен қатар жаңғыртуға есіктерді ауыстыру, берік жеткізгіш орнату кіреді. Бұл жұмыстардың барлығын қызмет көрсетуші өз есебінен жүргізеді. Тұрғындар тек қана жаңа кілттер алулары керек. Жаңғырту №3, 7, 12, 15, 17 үйлерде қазіргі таңда жасалып болды.
    ТА-ны күзету 2017 жылдың жазынан бастап өздерінің арсеналдарында жылдам әрекет ету қызметі бар жаңа күзет мекемесімен жүргізілуде.


     Барлық құқық бұзушылықтар негізінде әкімшілік кодексті бұзумен байланысқан – көлікті дұрыс қоймау, қоқысты арнайыланбаған жерлерге тастау, азаматтардың тыныштығы мен жайлылығын бұзу және велосипед пен бесік арбаларын ұрлау (бұл жерде бірінші ретте күнә тұрғындардың өздерінде). Криминогендік деңгейі бойынша біздің ТА ең тыныш және қауіпсіздердің бірі болып саналады, мұнда пәтеріші ұрлығы, тонау және басқа да үлкен ТА-тарға сай қылмыстар жоқ. Егер де әрдайым көшіп жүретін пәтершілердің (квартирант) есебін реттесек өте тамаша болар еді, бұл орайда ҚИК АҚ үлкен жұмыстар атқаруда, өкінішке орай, Жылжымайтын мүлік Қоры жалға алу бағдарламасын іске асыруды сеніп тапсырған ФН Менеджемент ЖШС қызметі туралы дәл осылай айтуға болмайды.
     Арсыз жүргізушілерге нөлдік төзімділік хабарланған (әртүрлі деңгейдегі ЖҚЕ бұзғандары үшін 150-ден астам айыппұл салынған) ТА аумағында көлік жуу және жөндеу жұмыстары толықтай шектелген.


    Үстіміздегі жылдың соңына дейін 9-үйде полиция пункті іске қосылады және темекі тұқылдарын, қоқыстарды тастайтын және көршілердің тыныштығын бұзатын тұрғындарға кең ауқымды рейд басталады.
   Бірқатар саудагерлердің өз сауда-саттық мақсаттары үшін әртүрлі органдардың қысымына қарамастан өз объекттерінен ТА-ға қосымша кіре-беріс салу әрекеттері кесілді. Қосымша кіре-беріс және/немесе бар қоршаудың қандай да бір аумақтарын ашуға жол бермеу меншік иелерінің хаттамасымен бекітілген. Оған қоса, 15-үйден жоғарырақ орналасқан тау бойындағы ашық аумақтар толықтай жабылды.
    Осы апта ішінде белгіленген қосымша шығысты ашу, әрине, қауіпсіздік тұрғысынан бірқатар мәселелерді шешеді. Шығыс толықтай жабдықталған, қоршалған, суағар жүйесімен, қосымша жарықтандырумен, күзет күркесімен және автоматты шлагбауммен жабдықталған.
Мектеп жасындағы балалардың ыңғайлылығы үшін тоқтау кешені салынды, бұрын балалар автобусты ашық аспан астында, жаңбырлы кезеңдерде су болып, қапырықта ыстық алу арқылы денсаулықтарына зиян келтіруші еді.
    Осы жыл көлемінде-ақ ТА-ға жүк көліктерінің кіруін шектейтін жол белгілері қойылады, келесі жылы әртүрлі жол белгілерін, жасанды бөгеттер (лежачие полицейские) орнату және көлік тұрақтары орындарын сызу жұмыстары жоспарланып отыр. ТА территориясында көлік қозғалысы сызбасы қайта қарастырылады.


    Одан бөлек жұп санды үйлердің төменгі жақтарында қосымша жаяужолдар және 15 үйден жаңа шығысқа дейін жаяужол салыну жоспарланып отыр.
    Біздің ортақ баспанамызды жайлы және қауіпсіз ету барлық тұрғындардың қолында екенін атап өту керек, тағы да тұрғындарға айтқымыз келіп отыр – көршілерді сыйлайық, қоқыс тастамайық, кіру және шығу жолдарын бөгемейік, түнде шуламайық, балконнан темекі тұқылын тастамайық, ағаштарды сындырмайық.
    Үй — ол тек қана сіздің пәтеріңізбен шектелмейді, ол кіре-беріс те, аула да, сондықтан білгір қожайын ретінде біз жалпыүйлік мүлікті қорғауымыз керек. Ақыр аяғында пәтердің құны әртүрлі алғаш қарағанда түкке тұрмайтын сияқты ұсақ-түйектен, мәселен, кіре-берістің тазалығынан да құралады.

Комментарии пользователей
Пока отзывов нет
чтобы оставить комментарий необходимо авторизироваться.